Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мал ұрлығына күдіктілер анықталды

Қызылордада мал ұрлығына күдіктілер анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер мал ұрлаған үш қаскөйді ұстады.
Қызылорда қалалық басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде 13 наурызда 05:00 сағат шамасында «ВАЗ-2114» автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүк салғышынан құжатсыз, бір бас ірі қара малын алып бара жатқаны анықталды. Тексеру барысында Қызылорда қаласының тұрғындары, аталған малды Талдыарал елді-мекенінде белгісіз үйдің мал қорасынан ұрлап, өткізу мақсатында Қызылорда қаласына алып келгендері белгілі болды.
«Үш күдікті оқиға орнында ұсталды. Айғақты зат алынды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің басқа да мал ұрлығы дерегіне қатыстылығы тексеріліп жатыр.Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 3-бөлігіне “Ұрлық” сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша.
16 наурыз 2020 ж. 230 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области