Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Halyk Bank кеңсесінде халыққа кеңес беретін қызметкер коронавирус жұқтырған

Halyk Bank кеңсесінде халыққа кеңес беретін қызметкер коронавирус жұқтырған

Kyzylorda-news.kz. Алматыдағы Halyk Bank кеңсесінде банк қызметтері туралы кеңес беретін сыртқы ұйымның қызметкері коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Halyk Bank клиенттермен әрдайым өзара ашық қарым-қатынаста болуға ұмтылады. Оның үстіне бүгінгі бүкіл әлемді дүрліктірген өмір сүру жағдайында бұл аса маңызды. Осыған байланысты COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған аждамдардың бірі Алматы қаласындағы банк ғимаратының бірінде кеңес беру қызметін ұсынатын сыртқы ұйымның қызметкері екенін халыққа хабарлау қажет деп санаймыз» деп хабарлайды «Қазақстан Халық банкі» АҚ баспасөз қызметі.
Науқас және онымен байланысқан барлық қызметкерлер сынақ процедурасынан өтіп, қазіргі уақытта оқшауланған және карантинде жатыр.
«Анықталған ауруы бар сыртқы компанияның қызметкеріне жақын жерде болған банк қызметкерлері клиенттермен тікелей қарым-қатынаста болмағанын хабарлаймыз. Өз кезегінде банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алды. Кеңсе және бөлімшелерде үнемі санитарлық тазарту жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі режимде жұмыс істейді, барлық операциялар клиенттерге қолжетімді» деп мәлім етті банктен.

16 наурыз 2020 ж. 240 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области