Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өзбекстанда алғашқы қазақстандық банк ашылды

Өзбекстанда алғашқы қазақстандық банк ашылды

Kyzylorda-news.kz. Өзбекстан астанасында қазақстандық «Tenge Bank» банкінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банктің ашылуы ағымдағы жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасының Орталық Банкінің «Қазақстан Халық банкі» АҚ еншілес ұйымының «Tenge Bank» қаржы операцияларды жүзеге асыруға лицензия беруі арқасында жүзеге асырылды. Бұл Өзбекстан Республикасының аумағында алғашқы қазақстандық банк.
Іс-шараны аша отырып, еліміздің Өзбекстандағы Елшісі Дархан Сатыбалды Қазақстан банкінің ашылу мәселесін жедел пысықтағаны үшін Өзбекстан Үкіметі мен Орталық банкінің басшылығына алғысын білдірді. Жеке және заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсету үшін «Tenge Bank» барлық жағдайды жасайды. Елші қазақстандық және өзбек кәсіпкерлері арасында экспорттық-импорттық операциялар жүргізу мүмкіндігін кеңейтетін сауданы қаржыландыру тетігін ерекше атап өтті.
Ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушылар Банк әкімшілік корпусына барып, ұсынылған банк өнімдерімен, сондай-ақ банктің орта мерзімді кезеңге арналған ағымдағы жоспарлары мен даму перспективаларымен танысты.

11 шілде 2019 ж. 426 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области