Қазалыда 50 адамға арналған оқшаулау орны ашылды
Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданаралық ауруханасының ІІ ғимаратында 50 төсек орындық обсервациялық стационар ашылды.
Мұнда Қазалы ауданында коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда науқастармен қарым-қатынаста болғандарды бақылауда ұстап, аймағымыздың тұрғындарына бағытталған сақтық шаралары жүргізіледі.
Ғимараттың 1, 2 қабаты жылы сумен қамтамасыз етілген, 3 қабаттағы оқшаулау бөлмелеріне су жылытқыштар орнатылуда.
Бөлімшеде табиғи және жасанды желдету жүргізіледі. Палаталарда температуралық режим сақталған. Оқшаулау орны жастық, төсек жаймаларымен, залалсыздандыру құралдарымен толық қамтылған.