Байқоңыр қаласы төтенше жағдайға байланысты жоғары деңгейдегі дайындыққа келтірілді
Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласы жоғары деңгейдегі дайындыққа келтірілді. Қалыптасқан санитарлық жағдайға орай қалаға кіріп шығу тәртібі белгіленді. Ғарыш айлағында жедел штаб құрылып, қазақстандық және ресейлік орта білім беру ұйымдарының оқушылары демалысқа шықты, колледждер қашықтан оқыту жүйесіне көшті.«Крайний» әуежайы тек зымыранды ұшыру кезінде ғана ұшақтарды қабылдайды. Келген жолаушыларды тепловизормен тексеретін санитарлық бекет іске қосылды. Дезинфекция толығымен жүргізілді.
Айта кетейік, аймақта залалсыздандыру жұмыстары бойынша әуежай, авто және теміржол вокзалдары кешенді тазалаудан өткізілді. Сауда алаңының аумағы 2 мың шаршы метрден асатын 30 ірі нысанға ұдайы дезинфекция жасалып жатыр.

























