Қызылордадағы ХҚО қызметкерлері қызметтерді онлайн алуға шақырды
Kyzylorda-news.kz. Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты бірқатар мекемелер мен қоғамдық орындардың жұмыс істеу тәртібіне өзгерістер енгізіліп, шектелгені белгілі. Осыған орай, Қызылордадағы ХҚО қызметкерлері орталықтың қызметтерін онлайн алуға шақырды.
«Қазір әлемді алаңдатқан коронавирус инфекциясының таралу уақытында үйден шығудың өзі қорқынышты болып отыр. Осы ретте цифрлық мүмкіндіктер біздің өмірімізді жеңілдетті. Бүгінгі таңда «еgov mobile» немесе «ТelegramBot» мобильді қосымшаларының көмегімен смартфон арқылы қызметтерді онлайн түрде алуға болады. Сол себепті азаматтарға ХҚО-ға барудың еш қажеттілігі жоқ. Алып індет алаңдатып жатқан жағдайда халық көп шоғырланған жерлерге баруды азайту қажет», – деп мәлімдеді біздің ақпарат агенттігіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің өкілі Бекбол Қаратайұлы.
Сондай-ақ, өкіл медицина мамандары бастаған челленджді қолдайтындықтарын жеткізді.
«Осы тұста медицина саласының қызметкерлері бастаған жақсы бастаманы бізде қолдаймыз! Осынау сындарлы сәтте бір бірімізді қолдап, сабырлық танытып, үрейленбеуіміз керек. Еліміздегі болып жатқан ахуалға қарамастан біздің мамандар сіздер үшін жұмыс істеп, қызмет көрсетуде. Сіздер де біз үшін және өздеріңіз үшін қызметтерді онлайн алыңыздар!», – деді ол.