Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы орталық көшелер жарықсыз қалды

Қызылордадағы орталық көшелер жарықсыз қалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында Желтоқсан және Ергешбаев көшелерінің тұрғындары жарықсыз қалды.
Мемлекеттік нөмірі NB 7919 AQ «Subaru» автокөлігі кернеуі 10/0,4 кВ әуе желісінің №6 темір-бетон тірегіне соққан. Салдарынан 622 жеке және 146 заңды тұлға электр энергиясынан ажыратылды.
«Үзілген тіректен сымдар алынып, бұл ретте ТП-10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың жүктемелері осы желіден басқа желілерге ауыстырылды. "Қызылорда ЭТТК" АҚ электр желілерінің иесі электр энергиясын тұтынушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, олардың денсаулығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғау, өз меншігі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін электр желілерін қорғау ережелерін бұзу жөніндегі материалдарды тапсырды», - делінген департаменттің таратқан хабарламасында.
26 наурыз 2020 ж. 150 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области