Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сәбиін «Корона» деп атады

Сәбиін «Корона» деп атады

Kyzylorda-news.kz. Үндістанның Уттар-Прадеш штатында отбасы жаңа туған баласына ерекше есім берді. Олар қызына Корона деп ат қойды.
Таңдалған есім әлемде пандемиямен өршіп тұрған жаңа SARS-CoV-2 коронавирусымен тікелей байланысты екені жасырын емес.
Deccan Herald басылымы жазғандай, нәрестенің ағасы Нитеш Трипати таңдалған атқа ерекше мән беретінін айтты.
Трипати жаңа коронавирус, ол COVID-19-мен өте қауіпті инфекцияны тудырса да, адамдарға оң әсерін тигізді деп санайды. Бүкіл әлемдегі адамдарға ортақ ауру адамның өз денсаулығына мұқият қарауға және кейбір жаман әдеттерден арылтуға көмектесті дейді.
Қызды Корона деп атай отырып, ата-анасы оның ауруға қарсы күресте адамзаттың бірлігінің символы болуын қалайды. Қиындықты жеңген барлық жақсылықтардың бейнесі болса дейді.
Жаңа туған нәрестенің ағасы қазір ең бастысы дүрбелеңге салынбау және дәрігерлердің нұсқауын қатаң сақтау екенін атап өтті.
Корона Үндістанда коменданттық сағат енгізілуінен бірнеше сағат бұрын өмірге келгенін айта кету керек. Дәрігерлер баланы дереу тексеріп, оның да, анасының да ауруды жұқтырмағанына көз жеткізді. Қазір отбасы ауруханадан шыққаннан кейін екеуін де қабылдауға дайындалуда.
Үндістанда 2020 жылдың 26 наурызында таңғы 10-да 606 адам жаңа коронавирусты жұқтырған. Олардың ішінде он адам қайтыс болып, 43-і ауруды жеңіп шықты.

28 наурыз 2020 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области