Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус: Еліміздегі 21 науқас қауіпті індеттен қалай емделді?

Коронавирус: Еліміздегі 21 науқас қауіпті індеттен қалай емделді?

Kyzylorda-news.kz. «Біз басқа мемлекеттермен апта сайын видеоконференция өткізіп, қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз». Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
«Арнайы клиникалық, диагностикалық және емдеу протоколы бекітілген. Біз басқа мемлекеттермен апта сайын видеоконференция өткізіп, қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Халықаралық протокол арқылы пайдаланатын дәрілерді пайдаланудамыз. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткілікті. 10 мың адамға арналған резервіміз бар» , - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Ол шетелдік емханалардан көптеген ұсыныс түсіп жатқанын айтты.
«Шетелдік емханалардан, ғылыми-зерттеу институттардан көп ұсыныс түсіп жатыр. Көбі тексерілмеген, белгісіз дәрі-дәрмектер. Мұндай ақпараттарды біздің мамандар зерттеген соң ғана протоколға енгіземіз», - дейді ол
31 наурыз 2020 ж. 186 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области