Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зімбірдің коронавирусқа емдеуде пайдасы бары рас па?

Зімбірдің коронавирусқа емдеуде пайдасы бары рас па?

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде ел-жұрттың зімбірге деген сұранысы артқан. Коронавирусқа қарсы көкөніс ретінде зімбір, сарымсақ, лимонды алушылар көп. Бұны сәтті пайдаланған саудагерлер бағаны аспандатып жіберді деп хабарлайды КТК.
Ел аузында зімбір коронавирусқа қарсы тұра алады деген әңгіме тарады. Бұған дейін келісі 1000 теңгеге бағаланған көкөністің қазіргі бағасы 3000-8000 теңге. Көтерме нарықтағы баға көтерілген соң, қала базарлары да алып-қосты.
Ал, аталған көкіністің аты жаман ауруға қарсы көмектесетіні рас па? Бұл туралы эпидемиолог Сәкен Әміреев былай дейді.
«Бұл көкөніс нақты коронавирустан емделуге көмектеседі деген сөз емес. Иммунитетте әр түрлі жағдаймен көтеруге болады. Көкөністердің пайдасы бар. Денсаулыққа пайдалы, микробқа қарсы пайдасы да бар. Бірақ вирусқа қарсы тұра алмайды. Иммунитетті спортпен шұғылданып, жақсы тамақ жеп, жақсы көңіл-күйде жүріп те көтеруге болады», - дейді ол.
Маман көпшілікке ең бастысы санаңыз мықты болу керек деген кеңес айтты. Сақтық шараларын қатаң ұстанып, сыртқа шықпай үйде отырған жөн дейді.
31 наурыз 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области