Арал теңізінде екі балықшы суға кетіп, көз жұмды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында екі балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті.
30 наурыз сағат 13:00-де Қызылорда облыстық ТЖД кезекші пультіне 29 наурызда Кіші Арал теңізіне моторлы қайықпен балық аулауға кеткен екі балықшының жоғалып кеткені туралы хабар түсті.
Іздеу жұмыстарына шұғыл түрде ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жергілікті тұрғындар тартылды. Екі сағаттан кейін құтқару тобы 1974 және 1998 жылғы екі балықшының денесін судан алып шықты.
Азаматтық қорғаныс органдарының құтқару жасақтары көктем кезінде су айдындарында адамдардың қаза табуына жол бермеу мақсатында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын, профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр.