Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Құтқарушылар Қамбашта суға түсу кезінде абай болуға шақырды (ФОТО)

Құтқарушылар Қамбашта суға түсу кезінде абай болуға шақырды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Су айдындарында адамдардың қайғылы оқиғаларға тап болуы, басты себебі халықтың қауіпсіздік ережелерін білмегендігі және немқұрайлы қарағандығынан. Жедел құтқару жасағының Қамыстыбас стансасында орналасқан құтқару бөлімшесінің құтқарушылары азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында іс-шаралар мен бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бірінші кезекте балалар лагері ерекше назарда: «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» МКҚК және «Қазалы ауданы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы» МКҚК демалушы оқушылардың бассейнге және Қамыстыбас көліне суға түсу кезіндегі қауіпсіздігі мен алғашқы медициналық көмек көрсету» туралы үнемі үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, лекция оқылуда.
Қамыстыбас стансасының құтқарушылары, Арал ауданының ТЖБ, Арал ауданы №3 МӨСБ және Арал ауданының ІІБ қызметкерлерімен Қамыстыбас көлінің «Аққұмшық» жағалауында қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында «Төтенше жағдайлар орын алған кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында жағажайда қызмет көрсететін кәсіпкерлерге және демалушыларға судағы қауіпсіздіктің алдын алу, құтқару құрал-жабдықтары көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


21 тамыз 2019 ж. 463 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области