Қызылорда облысында күн күркіреп, күшті жел соғады
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер ауа райына байланысты Қызылорда облысында ескерту жариялады.«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20, 23-28 м/с жетеді.
Осы күні Қызылорда қаласында да түнде және таңертең күн күркірейді. Оңтүстік- батыстан соққан желдің күші - 15-20 м/с.

























