Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА БАҒДАР ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

ЖАҢА БАҒДАР ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ


    Жаппай жаһандану кезеңінде математикалық білімі бар мамандар сұранысқа ие болып қана қоймай, еліміздің жаңа бағдарын жасайтын болады. Бұл туралы бүгін Қызылордада Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына орай өткен идеологиялық активте айтылды.  
    Жиында аймақ басшысы Қ. Көшербаев біздің алдымызда заман талабына сай озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті.
    – Жақында ғана Қазан қаласында болып, Қызылорда облысының әкімдігі мен Татарстан Республикасы арасында ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы, өндіріс, денсаулық сақтау және білім саласында тәжірибе алмасу мақсатында келіссөздер жүргіздік. Татарстан Республикасы бүгінде ақпараттық және сандық технологиялар дәуірінде осы бағыт бойынша тек ресейлік қана емес, посткеңестік елдер ішіндегі көшбасшы болып табылады, – деді аймақ басшысы.  
    Келешекте облыс жастарының Қазандағы ІТ-мамандар дайындайтын Иннополис айрықша экономикалық аймағында білім алуы үшін арнайы гранттар тағайындалады. Жуық арада өзара ынтымақтастық жөнінде бірлескен Жол картасы қабылданады.
    Бүгінде Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында 500-ге тарта қызылордалық түлек жаңа технология бойынша білім алуда. Олар  облыс экономикасына сандық технологияны енгізуде алғы шепте болары сөзсіз.

22 қаңтар 2018 ж. 605 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области