Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова Райкүл Байназарованы қабылдады

Гүлшара Әбдіқалықова Райкүл Байназарованы қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық Әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарованы қабылдады.
Кездесуде нәзік жандылардың қоғамдағы рөлі мен құқықтары және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында мәселелер талқыланды.
Облыстық әйелдер кеңесі 2015 жылы облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұсынысымен құрылған. Аудандарда өкілдіктері жұмыс істейді.
«Біз қашанда қыз-келіншектерді қолдауға әзірміз. Ел болып коронавирус індетін еңсерсек, сіздермен бірге «Зорлық-зомбылыққа қарсы», «Отбасы» пилоттық жобасы аясында бірге жұмыс істейміз деп сенемін», - деді облыс әкімі.
Кеңестің мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, белсенді әйелдер қауымымен тығыз байланыс орнату. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде рухани танымдық шаралар ұйымдастырып, қоғамдағы қазақ әйелдерінің образын қалыптастыру да қоғамдық ұйымның міндеттеріне кіреді. Сондай-ақ, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова көп балалы аналарға қолдау көрсетіп, мемлекеттік марапаттарға ұсыну бағытында жұмыс істейтінін айтты.
Облыста 19 мың көпбалалы аналар бар. Оның 17 мыңы алтын мен күміс алқа иегерлері.
Кеңес төрайымы аймақ басшысының Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы қызметінде сырбойлық қыз-келіншектерге ерекше қолдау көрсеткенін және гендірлік саясаттың дамуына игі ықпал еткенін атап өтті.
01 сәуір 2020 ж. 246 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области