Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде кімдер 1 қазанға дейін салық төлемейді?

Елімізде кімдер 1 қазанға дейін салық төлемейді?

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов төтенше жағдайға байланысты кімдер салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылатынын айтты. Бұл туралы министр үкімет отырысында мәлімдеді.
«Шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) 6 айға, осы жылдың 1 қазанына дейін босату қарастырылған», - деді Дәленов.
Министр қандай мекемелердің және кімдердің салықтан босатылғанын тізіп шықты.
«Ірі сауда объектілері, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, хостел және туристік қызмет объектілері жылдың соңына дейін мүлік салығынан босатылды. Салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейінгі мерзімде жеке табыс салығынан босатылды», - деді ол.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жер салығын жылдың соңына дейін төлемейді. Сондай-ақ, биологиялық активтерінің импорты жылдың соңына дейін қосылған құн салығынан босатылды.
Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі осы жылдың 30 наурызынан 1 қазанына дейін 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.
Дәленовтің айтуынша, бұл шаралар 700 мың салық төлеушіні қамтиды.
02 сәуір 2020 ж. 248 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области