Коронавирус: Жаңақорғандағы ауыл тұрғындары не үшін дүрлікті?

Шалқиялық тұрғындардың сөзінше, ауданда карантинге оқшауланғандар Жаңақорғанның орталығындағы жұмыс істемей тұрған шипажайға жеткізілген.
Әкімдіктегілер науқастармен байланысқа түскендердің саны әлі де анықталып жатқанын айтады. Қазір облыста ең көп індет жұқтырған тұрғындар – осы Жаңақорған ауданынан тіркеліп отыр. Бүгінгі таңда ауданда COVID-19 инфекциясынан 16 науқас емделіп жатыр.
Осыған байланысты, құзырлы орган өкілдеріне Шалқи ауылының тұрғындары жаппай наразылықтарын жеткізген.
Аудандық станционарда оқшаулануы керек болған 87 тұрғынның 40-ы осы ауылдағы туберкулез шипажайына жатқызылмақ болған.
Өйткені 47 адам оқшауланған аудандағы колледж ғимаратына барлығын сыйғызу мүмкін болмапты.
Ал қарсылық танытып, жиналғандар болса: «Карантинге алынғандарды ауылға әкелетінін неге ескертпейді?» деп шулап жатқан көрінеді.
Шағымданғандардың барлығы бір ауыздан билік өкілдерінің бұл әрекеті ауылға қауіпті індетті әкеледі ме деп қорқып отырған сыңайлы.
Дегенмен ауылдықтардың жаппай қарсылықтарынан кейін мамандар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың 87 адамның барлығын аудан орталығындағы шипажайға жатқызыпты.
Бұдан бөлек ауданда 42 тұрғын үй карантиніне оқшауланыпты.