Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар несиені қалай кейінге қалдыра алады?

Қазақстандықтар несиені қалай кейінге қалдыра алады?

Kyzylorda-news.kz. Жеңілдік санатына жатпайтын азаматтар несиені кейінге қалдыруы мүмкін, бірақ төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты олардың қаржылық жағдайының нашарлауының кем дегенде бір себебін көрсетуі керек. Бұл туралы ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Абдрахманов мәлімдеді.
«Әлеуметтік тұрғыдан осал емес азаматтар, АӘК алушылар, ресми жұмыссыз жүрген азаматтар үшін келесі тәртіп: олар қаржылық жағдайының нашарлау себептерінің бірін көрсете отырып, қашықтан өтініш береді», - деді Абдрахманов бейсенбідегі брифингте.
Мысалы, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты, егер қызметкер жұмыс орнынан бара алмаса оған несиелік қарызды төлемей тұруға мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ, себептердің арасында қызметкердің ақы төленбейтін демалысқа жіберілуі, онымен еңбек қатынастарын тоқтатуы және жалақыны төлеуінің төмендеуі немесе тоқтатылуы болуы мүмкін.
«Кем дегенде 6 себеп анықталды, бірақ бұл тізім жабық емес. Азаматтар өздерінің қаржылық жағдайының нашарлауының басқа себептерін көрсетуі мүмкін», - деді Абдрахманов.
Өтініш келісім-шарт жасамай және растайтын құжаттарды тапсырусыз берілуі керек. Банктер өтінішті 10 жұмыс күні ішінде қарауы керек.
«Олар қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарламағаны туралы ақпарат болған жағдайда ғана бас тарта алады», - деді ол.
Шағын және орта бизнес өкілдері үшін кідіріс екі жағдайда беріледі.
Біріншіден, егер шаруашылық жүргізуші субъект төтенше жағдай әсер ететін қызмет түрімен айналысса, оған төлемдерді кейін жасауға мүмкіндік беріледі.
«Біз банктерге ұсынған ереже субъектілерге төлемдерді кейінге қалдыру және тоқтата тұру мүмкіндігі бар экономикалық қызметтің кемінде 9 түрін қарастырды. Бұл тізім жабық емес, ұсыныстар болған жағдайда біз оны кеңейтеміз», - деді ол.
Сонымен, сауда, туризм, қоғамдық қызмет көрсету, тамақтану, көлік, демалыс және ойын-сауық, денсаулық сақтау ұйымдары және басқаларында жұмыс істейтіндер төтенше жағдайға байланысты кідіртуге сене алады.
«Екіншіден, сату көлемінің төмендеуіне, жұмысшылар санының қысқаруына және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлердің қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда», - деді Абдрахманов.
Өтінімді 16 наурыздан 15 маусымға дейін кез келген күні тапсыруға болады.
Ол сонымен қатар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өкілдері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздар кешіктіріп алу үшін банктерге жүгінудің қажеті жоқ екенін еске салды.
«Мобильді қосымшалар, SMS хабарламалар немесе телефон қоңыраулары арқылы банктер осы санаттағы адамдарға кейінге қалдырылғанын хабарлайды. Егер олар келісетін болса, кейінге қалдыру күшіне енеді. Сондай-ақ өтініштерді, құжаттарға қол қоймай, тек келісімін білдіру негізінде», - деді ол.
03 сәуір 2020 ж. 244 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области