Қызылорда облысына шетел азаматтары кіруге шектеу қойылды
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шетел азаматтарына Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға шектеулер қойылды. Шетелдіктердің елде болу ережелерін Қызылорда облысының полициясы түсіндірді.
«Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы ратификациялаған келудің визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар бар елдердің азаматтарына көші-қон саласындағы заңнама бұзылуын болдырмау мақсатында, олармен 180 күнтізбелік күннің әр кезеңінде 90 күнге дейін болу, уақытша тұруға арналған рұқсат 30 күнге дейін ұзартылады. Казақстан Республикасына әр түрлі санаттағы визалармен келген және мерзімдері аяқталған шетелдіктерді әрі қарай Қазақстан Республикасында болу үшін визалары ұзартылады», - деді облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Аруын Жолдасбаев.