Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан 569 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Қызылордада жыл басынан 569 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 473 бұйрығымен «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2014 жылғы 8 ақпандағы №76 бұйрығына еңбекші көшіп келушілердің жеке тұлғаларды еңбек қызметін жүзеге асыруына рұқсаттар алуы үшін құжаттардың жаңа тізбесін, сондай-ақ 1,2- қосымшалардың жаңа нысандарын көздейтін өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған бұйрық үш айдан аз емес мерзімге Қазақстан Республикасымен визасыз кіру және болу тәртібі бойынша келісімшарттар жасаған ТМД елдерінің азаматтарына қатысты.
Жеңілдетілген тәртіптегі рұқсаттар шетелдіктерге тек жеке тұлғаларда жұмыс жасауға беріледі. Оның ішінде, үй құрылысы және жөндеу жұмыстарын жүргізуге, бала бағу аспаз және басқа да үй шаруашылығы қызметін көрсету үшін қарастырылған.
Үй шаруасына пайдалану үшін бір азаматтың бес еңбекші мигранттарына дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Рұқсат берілетін және ұзартылатын мерзім шетелдіктің қалауы бойынша- бір, екі немесе үш айға дейін белгіленеді және әр айға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5050 теңге) жеке салық төлемдері алдын ала жасалады.
Рұқсат алу үшін еңбекші мигранты Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон қызметі бөлінісіне мынадай құжаттар тапсыру қажет:
1)Рұқсат беру туралы өтініш, сауалнама (түпнұсқа);
2)Жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеген туралы түбіртек (түпнұсқа мен көшірмесі);
3)Жеке басты куәландыратын құжат- анықтамалық деректері бар беттердің және мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар парақтың түпнұсқасы мен көшірмелерін;
4)Көші-қон карточкасын;
5)№86/у нысан бойынша медициналық анықтама;
6)Медициналық сақтандыру анықтамасы;
7)Жүргізілген дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтаманың түпнұсқасын.
Жыл басынан бері көші-қон қызметі құрылымдарының қызметкерлерімен қала аумағына түрлі мақсаттармен келген 2745 шетел азаматтары тіркеуге алынды. Алайда, олардың 569 Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 7 шетел азаматтары сот шешімімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.
Ал республика төңірегінде шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзуға жол бергені үшін 6 жергілікті тұрғынға тиісті шаралар көрілген.
Аталған жұмыстар әрі қарай өз жалғасын тауып, осы бағыттағы жұмыстар нәтижелі атқарылатын болады.
22 сәуір 2019 ж. 497 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области