ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ РҰҚСАТ ҚАҒАЗДАРЫ БЕРІЛУДЕ
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының көші-қон кызметі бөлімі биыл шетелден келіп еңбек етіп жатқан азаматтарға рұқсаттар беру бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы аясында 9254 шетел азаматына (112 914 516тг мемлекетке баж салығы өндірілді) ҚР-ның Заңына сәйкес рұқсат қағаздары берілді Сонымен қатар, 2304 шетел азаматының рұқсат беру қағаздары ұзартылды.
«Образ ++» бағдарламасына шетел азаматтарының бет-бейнесі түсіріліп, дактокартолары алынып ҚІІБ-ның Криминалистика бөліміне енгізу үшін жолданды.
Жазира САРБАЛАҚОВА,
Қызылорда ҚІІБ-ның КҚҚБ-нің инспекторы,
полиция лейтенанты.