Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіпкерлер несиелерін 90 күнге дейін төлемеуге мүмкіндік алды

Кәсіпкерлер несиелерін 90 күнге дейін төлемеуге мүмкіндік алды

Kyzylorda-news.kz. Банктер мен микроқаржы ұйымдары қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер үшін қарыз төлемін 90 күнге дейін шегеруі тиіс. Мұндай жеңілдік туралы Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.
«ҚР банктер және банк қызметі туралы заңының 34-бабының 3-тармағына және микроқаржылық қызмет туралы ҚР заңының 3-бабының 6-тармағына сәйкес кредиторлар шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсартқан жағдайда оларды біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Осыған орай банктер және микроқаржылық ұйымдар төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен ШОБ субъектілеріне негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда төлем мерзімін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жұмысын жүргізуі тиіс», - деді Мадина Әбілқасымова.
Агенттік төрағасының айтуынша, банктер мен несие нарығының басқа да субъектілері аталған шараларды халық пен бизнеске қолайлы болуы үшін барынша қашықтан қатынас жасау арқылы іске асырады. Осылайша қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың тәртібі мен тетіктері айқындалады.
17 наурыз 2020 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области