Шиелі ауданындағы Төңкеріс ауылы карантинге жабылды

Осыған орай, ауылдық округтің кіреберісіне санитарлық блок-бекет қойылып, ауыл тұрғындары мен көлік құралдарының жүріп-тұруы толығымен шектелді.
Ауыл тұрғындарына қажетті азық-түлік қоры мен күнделікті тұтынатын тауарлардың жеткілікті болуы үшін аудан орталығынан ауылға олардың бағасын өсірмей әкеліп ұсыну ұйымдастырылуда.
Ауыл тұрғындарына коронавирус инфекциясынан сақтану жолдарына байланысты үнпарақтар таратылып, әрбір үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде Төңкеріс ауылында Қызылорда қалалық және Тараз қалалық химиялық батальонның әскери қызметкерлері арқылы 73 630 шаршы метр жер залалсыздандырылды.

