Шалғай ауылға ауыз су келді
Өткен жылы Арал ауданына қарасты Шижаға елді мекеніне ауыз су желісі әрбір үйге кіргізілді. Бұл туралы Октябрь ауылдық округінде аудан əкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындармен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Аудан әкімінің айтуынша "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Бастау Бизнес» оқыту курсымен оқыған 2 азаматтың жалпы құны 3 млн теңге болатын «түйе малын өсіру» жобалары «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыландырылған.
Сонымен қатар, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы дара кәсіпкер «Аханов Өтеген» 2 млн теңге несие алса, «Оразова Гүлмира» мал өсіру бағыты бойынша 2 млн теңге несие алды.
«Бизнес Кеңесші» оқыту курсы бойынша округтен 2 азамат оқытылды. «Гранттық қаржыландыру» жобасына жалпы құны 4,5 млн.теңге болатын 3 жоба ұсынылып, жеке кәсіпкер Е.Абдуллаевтың «Вулканизация ашу» жобасы 700 мың теңге көлемінде қайтарымсыз қаржыға ие болды.
Октябрь ауылдық округі, Қызылорда облысының тіректі елді мекендер арасында «Үлгілі ауыл» конкурсына қатысып, «Үлгілі ауыл – 2018» облыстық байқаудан ІІ орынға ие болды. Осыған орай, облыстық бюджеттен ауылдың аббаттандыру жұмыстарына 7 млн 500 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға ауылдың кіре берісіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Өткен жылы Арал ауданына қарасты Шижаға елді мекеніне ауыз су желісі әрбір үйге кіргізілді.
2018 жылы округтегі «Ақбұлақ» балабақшасының жанындағы балалар ойын алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 2018 жылдың желтоқсанында ауылдық мәдениет үйінің іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым» аясында жеке кәсіпкер М.Құлмырзаевтың демеушілігімен 2018 жылдың қараша айында Шижаға ауылының орталығынан аллеяның құрылысы басталып, жұмысы жүргізілуде.
Есепті кездесу соңында атқарушы билік өкілдері ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.