Қызылорда қаласында жедел штаб отырысы өтті
Kyzylorda-news.kz. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай Қызылорда қаласында қалалық жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс істейді.
Бұл туралы Қызылорда қаласының әкімдігінде өткен жедел штаб отырысында айтылды. Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына орай жедел штаб құрып, өз жұмысын бастап кетті. Медицина саласы мамандарының хабарлауынша, облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Облыс орталығынчда коронавирус жұқтыру деректері тіркелген жоқ.
«Қала тұрғындарына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында республикалық бірыңғай шұғыл желіден бөлек 400001 сенім телефоны жұмыс істеп тұр. Денсаулық сақтау, азық-түлік нарығы, сауда орындары, жолаушылар тасымалы, кинотеатрлар, мейрамханалар мен түнгі клубтар және компьютерлік ойын клубтары да жергілікті биліктің жіті назарында. Төмендегі норманы орныдамаған жағдайда әкімшілік айыппұл, сонымен қатар қылмыстық іс қаралатынын ескертіледі. Барлық нысандарды аралап, талаптардың орындалуын бақылаймыз, сондай-ақ қала тұрғындарына ресми ақпарттарға назар аударғандарыңыз жөн», - деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.
Жалпы Қызылорда қаласы бойынша барлығы 12 базар, 60-тан аса сауда үйлермен 180-ге жуық қоғамдық тамақтану орындары (кафе-бар, мейрамхана, асхана т.б.), 1800-ден аса дүкендер халыққа қызмет көрсетуде.
Жалпы Қызылорда қаласы бойынша барлығы 12 базар, 60-тан аса сауда үйлермен 180-ге жуық қоғамдық тамақтану орындары (кафе-бар, мейрамхана, асхана т.б.), 1800-ден аса дүкендер халыққа қызмет көрсетуде.
Мемлекет басшысының бекітілген жарлығына сәйкес төтенше жағдай кезеңінде төмендегідей шаралар мен шектеулердің нұсқаулығы енгізілді. Атап айтар болсақ:
- Ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне шектеу қойылады, олар сағат 100-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Яғни, азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда;
- Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді;
- Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Қоғамдық тамақтану орындары мен сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады;
- Мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің, яғни оқушылар сарайы, шығармашылық сарайлары, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар қызметі тоқтатылды, сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды;
- Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, отбасылық салт-дәстүр шараларын өткізуге тыйым салынады;
- Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының, оның ішінде түнгі клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндерт және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды;
- Мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00-ге дейін шектелді, бұл ретте бір жолғы адамдардың саны 50-ге дейін шектеу.