Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАТАҚХАНА ҚҰЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАТАҚХАНА ҚҰЛАДЫ


    Титов тұрғын ауданында ұзақ уақыттан бері бос тұрған ескі жатақхана ғимаратының бір бөлігі құлап қалды. 1971 жылы салынған ғимарат Титов 16А тұрғын ауданында орналасқан.
     Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 28 ақпанда түнгі сағат 22.40 шамасында жатақхананың бос тұрған бөлігі опырылып түскен. Жедел ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ.
    Қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменовтің айтуынша оқыс оқиға туралы хабар жергілікті уақытпен сағат 22.40-та түскен.
    «Жедел жұмыстар жүргізіліп, жатақханада тұратын 46 жанұяны қауіпсіз жерге эвакуацияладық. Оларға алғашқы  медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғындар тамақ және  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Қаладағы жедел штаб қажетті заттарды жинау жұмыстарын жүргізІп жатыр. Алдағы уақытта болған жағдайға байланысты нақты ақпарат беріледі»,-деді қала әкімінің орынбасары.
    Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов апат болғандығы жөнінде 112 телефонына хабарлама түскен бойда оқиға орнына  "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының" 1 бөлімшесі жіберілгенін мәлімдеді.
    «Олар Титов қыстағындағы 16А мекенжайындағы жатақханының  4 подьезінің 1 қабатынан 5 қабатқа дейін құлағандығы анықталды. Қазіргі кезде осы жерде жеке құрамның 82 маманы мен 17 арнайы техника жұмыс жасап жатыр»,-деді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
    «Талап» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Улья Арынованың айтуынша, жатақхананың құлаған бөлігінде тұрғындар болмаған.
    «Құлаған жерде адам болған жоқ, бұл бөлік бос тұрған. Адам шығыны болған жоқ. Ар жағында тұратын 46 пәтердегі тұрғындар «Мұрагер» мектебіне шұғыл көшірілді. Ертең, 1 наурызда олардың уақытша тұрғылықты жерлері қайдан берілетіндігі анықталады. Апаттың себептері анықталып жатыр. Әзірге неден болғаны белгісіз»,- деді Улья Арынова.
    Аталған жайт облыс əкімдігі мен қала əкімдігінің жіті бақылауында.




01 наурыз 2018 ж. 726 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области