Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде дауыл салдарынан бір адам қайтыс болды

Елімізде дауыл салдарынан бір адам қайтыс болды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда қатты соққан желдің салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде хабарлады.
Оқиға Ақмола облысында орын алған.
Аталған комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 сәуірде Бурабай облысы Үрімқай ауылында екпіні 28 м/с-қа дейін күшті желдің салдарынан машина ауласындағы ғимаратының төбесіндегі шатыр сынған. Соның салдарынан 1980 жылғы күзетші жарақат алып, қайтыс болды.
Еске салсақ, кешеден бері еліміздің бірқатар өңірінде қуатты дауыл соғуда. Мәселен, қатты желдің салдарынан секундына отыз метрден асатын жел Көкшетаудағы электр қуатын үзіп жіберді. Соның салдарынан, бірнеше аудан жарықсыз қалды.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында да ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, бүгін аймақта қатты жел соғып, қар аралас жаңбыр жауады.
08 сәуір 2020 ж. 159 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области