Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта мобильді топ мүшелері ауыл тұрғындарына 1000 дана тегін бетперде таратты (ФОТО)

Жалағашта мобильді топ мүшелері ауыл тұрғындарына 1000 дана тегін бетперде таратты (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Коронавирустық инфекцияның халық арасында таралуының алдын алу мақсатында Жалағаш ауданы әкімдігінің жанынан құрылған мобильді топ мүшелері Аққыр, Жаңаталап, Т.Жүргенов, Мәдениет, Мырзабай ахун елді мекендеріндегі азық-түлік дүкендеріндегі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын тексерді.
«Аудан әкімдігі жанындағы мобильді топ мүшелері, атап айтқанда, қолды өңдеу үшін санитайзерлердің болуы, сауда орнын дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау, желдету жұмыстарын жүргізу, көкөністер мен жемістерді қоспағанда барлық тамақ өнімдерін оралған түрінде сату, сатушылардың және тамақ өнімдерімен жанасатын басқа да адамдардың халыққа қызмет көрсету барысында бетпердемен, бір реттік падаланылатын қолғаптармен жұмыс жасауына бақылау жүргізді», – деп хабарлады біздің ақпарат агенттігіне аудан әкімдігінен.
Сонымен қатар, топ мүшелері ауылдардағы Қазпошта филиалдарында болып, жиналған тұрғындар арасында аталған індеттің алдын алуды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аталған елді мекендердегі әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасыларға «Өркен Әлем» ЖШС-ң тігіншілері тіккен 1000 дана бір реттік пайдаланылатын тегін бетперделер таратты.








10 сәуір 2020 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области