Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық құтқарушылар қан тапсырды (ФОТО)

Қызылордалық құтқарушылар қан тапсырды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Соңғы уақытта бүкіл әлемде және біздің де елімізде таралып жатқан короновирус індеті барлық жұмыс салаларына кері әсерін тигізуде. Оның ішінде қан донорларының азаюы байқалуда.
Осы ретте қызылордалық құтқарушылар қан тапсыру жұмысына да өз үлестерін қосты. Іс-шара барысын санитарлық–эпидемиологиялық нормаларға сай, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып «Облыстық қан орталығының» мамандары жүзеге асырды.
«Бір тамшы қаным – жанға араша» акциясы аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және осы департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары», «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда филиалының ұжымының қызметкерлері қан тапсырды.
Қан тапсыру шарасына барлығы 50-ден аса құтқарушылар қатысты.

10 сәуір 2020 ж. 220 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области