Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Жамблыл облысыынң тұрғынынан 20 келіден астам марихуана тәркіленді

Қызылордада Жамблыл облысыынң тұрғынынан 20 келіден астам марихуана тәркіленді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады.
36 жастағы жігіттің көлігінен 21 келіден астам марихуана мен 1 келіден көп гашиш табылды. Бұл қылмыс 10 сәуір күні белгілі болды.
«ҚР ІІМ және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткен бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының бойында Арал ауданының Шижаға елдімекені тұсында автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде артқы жүк салғыштағы бензин багынан бірнеше пластик бөтелкелер шықты. 2 литрлік 8 дана, 1 литрлік 26 дана, 1,5 литрлік 1 дана ыдыстарға есірткі типтес жасыл түсті, иісті заттар салынған. Сараптама қорытындысы олардың кептірілген марихуана мен гашиш екенін анықтады», - делінген ведомство хабарламасында.
Көлік иесі Арал ауданындағы полиция бөлімінің уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
13 сәуір 2020 ж. 252 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области