Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай: Қызылордада бетпердесіз жүрген 25 азамат жауапқа тартылды

Төтенше жағдай: Қызылордада бетпердесіз жүрген 25 азамат жауапқа тартылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сәуірдің 12-не қараған түні сағат 00:00-ден бастап тұрғындар мен көлік қозғалысына қатаң шектеулер қойылды.
Облыс тұрғындары қаулыда көрсетілген талаптарды орындамай 100 автокөлік иесі көліктердің қозғалысына тыйым салынса да көшеде жүргендері анықталып, автокөліктер айыппұл алаңына қойылды. Атап айтқанда, Қызылордада - 61, Арал - 1, Қазалы - 12, Қармақшы - 5, Жалағаш - 2, Шиелі - 3, Жаңақорған - 1, Байқоңыр Өкілдігі - 5.
Сонымен қатар карантин кезінде көшеде бетпердесіз 25 адам жүрген.
Ал, 1 азамат үй карантин режімін бұзып, көшеге шыққан.
«Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Бүгінде полиция қызметкерлерімен облыс бойынша 421 құқық бұзушылық анықталып, сот шешімімен 99 кафе иелерімен жеке үй тұрғындары 5 және 7 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынса, 77-не 10 АЕК (10.04.2020 жылдан бастап 1 АЕК 2778 көбеюіне байланысты) 27780 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, 1-не ескерту берілді», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
13 сәуір 2020 ж. 253 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области