Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » COVID-19 жұқтырған медицина мамандарына төлемақы қалай беріледі?

COVID-19 жұқтырған медицина мамандарына төлемақы қалай беріледі?

Kyzylorda-news.kz. ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева COVID-19 жұқтырған медицина мамандарына төлемақы қалай тағайындалатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық мамандарға төлемақы тағайындау бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлескен бұйрық шығарды. Онда коронавируспен күреске тікелей қатысқан мамандарға төлемақы беру алгоритмі жазылған. Басты негіздеме - маманның ауру жұқтыру фактісін хабарлау», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Хабарлаудан кейін инфекциялық ауру ошағын анықтау үшін эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.
«Тексеру нәтижесі арнайы комиссияға жіберіледі. Бұл комиссия құрамына еңбек инспекциясы өкілдері, жұмыс беруші өкілі, санитарлық-эпидемиологиялық ұйым өкілдері және қызметкердің немесе кәсіподақ ұйымының өкілдері кіреді. Аталған бұйрық күшіне енді және жақын арада жұмысын бастайды», - деді Л. Ақтаева.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 13 өңірінде 370 медициналық қызметкер COVID-19 жұқтырған. Олардың 28 пайызы - дәрігерлер, 48 пайызы - медбикелер және 23 пайызы - кіші медициналық қызметкерлер.
16 сәуір 2020 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области