Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жанат Исаева: «Дәл қазіргі уақытта бейбіт жиындар туралы заң жобасы – өте өзекті»

Жанат Исаева: «Дәл қазіргі уақытта бейбіт жиындар туралы заң жобасы – өте өзекті»

Kyzylorda-news.kz. Барлық адамдардың бейбіт жиналыстарға құқығы адам құқықтары туралы халықаралық келісімдерде, атап айтқанда Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актілерде бекітілген. Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияның 11-бабында «әркімнің бейбіт жиналыстар бостандығына және басқалармен бірігу бостандығына құқығы бар» делінген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жариялай отырып, олардың орындалуына кепілдік береді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының осындай кепілдіктерінің бірі олардың шектеулеріне тыйым салу болып табылады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана, сондай құқық берілген органдармен ғана шектелуі мүмкін.
Соңғы саяси оқиғаларға байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Жобасы өте өзекті.
Бұл жобада бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қарастырылған:
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске және басқа да заңдарға.
Мен жобаның көптеген тармақтарымен келісемін, бірақ кейбіреулерге өз пікірімді білдіргім келеді:
1) «жиналыстар, митингілер, пикеттер, шерулер мен демонстрациялар» деген сөздер «бейбіт жиналыстар» деген сөздермен ауыстырылуы орынды;
2) ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 488-бабында: «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар немесе басқа да қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру немесе өткізу тәртібі туралы, немесе оларды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергі келтіретін, сондай-ақ заңсыз жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға немесе басқа тәсілдерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, қоғамдық іс-шара, егер бұл әрекеттерде қылмыстық құқықбұзушылықтың белгілері болмаса ...» жобада қажетсіз кеңейтіліп, бұзу мен өткiзуге кедергi келтіру әрекеттері екі бөлікке бөлінген, алайда санкциялары бірдей болғандықтан бұрыңғы редакцияда қалдыру керек деп санаймын;
3) Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың жауапкершілігін жеке бөлімшеге бөлу де қажет деп санамаймын, өйткені егер оларда арнайы иммунитет болмаса, олар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жауапкершілікте болады;
4) Жобада бейбіт жиналыстарға қатысатын журналистің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі), журналистің айырым белгілерінің нысанын бекіту ережесі дұрыс деп санаймын;
5) көпшілікке арналған іс-шара, жиналыс, митинг, қоғамдық іс-шара туралы хабарлама, ғимараттар мен басқа да объектілерге тікелей іргелес жатқан аумақтың қоғамдық шараларын өткізу ережелері сияқты жалпы ұғымдарын анықтайтын жеке бап қарастырған жөн;
6) Заңда іс-шараларға рұқсат беру тәртібін қарастыру қажет, мысалы: «Іс-шараларға рұқсат беру өрт, көлік және полицияның келісімі бойынша жүзеге асырылады».
7) Германияда, мысалы, митингті ұйымдастырушы заңды тұлға ретінде әрекет етеді және тәртіпті сақтауға, ережелерді сақтауға, оқыс оқиғалардың алдын алуға және т.б. жауап береді. Ұйымдастырушы бұл мәселелердің барлығын полицияның қатысуынсыз дербес шешуі қажет. Алайда полиция «қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың демонстрация өткізу құқығын қорғауға» шақырады. Полицияға іс-шара барысында ұйымдастырушыны барлық жағынан қолдауға бұйрық берілген. Жобада демонстрацияны уақтылы тоқтату және адамдарды тарату үшін жауапкершілікті шараны ұйымдастырушыға жүктеу қарастырған дұрыс деп санаймын. Егер бұл орын алмаса, билік демонстрацияны мәжбүрлі түрде таратуға құқылы;
8) Жобада «көпшілік шараны ұйымдастырушылар өздері жоспарлап отырған оқиға туралы немесе оған қатысқан адамдар туралы қасақана бұрмаланған ақпаратты ұсынған жағдайда, немесе егер оқиға бұрын келісілген шарттарды бұзса, демонстрацияны ұйымдастырушылар (жетекшілері) қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін» деген ереже қосқан дұрыс.

Жанат ИСАЕВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценты,
заң ғылымдырының кандидаты
22 сәуір 2020 ж. 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области