Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде заңды тұлғалардың меншік құқықтары жариялы болуы мүмкін

Елімізде заңды тұлғалардың меншік құқықтары жариялы болуы мүмкін

Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы таныстырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Заңнамалық бастамалар «Doing Business» рейтингінің 8 индикаторы әрекет ететін 39 нормативтік құқықтық актіге 197 түзетуді, сондай-ақ бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдарды жою және монополияға қарсы реттеу тиімділігін арттыру нормаларын көздейді», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев.
Оның атап өтуінше, 8-топтама аясында бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жылжымайтын мүлікке салынатын ауыртпалықтар туралы ақпаратқа жаппай қолжетімділікті ашу, сондай-ақ заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке меншік құқықтары туралы ақпаратқа жаппай қолжетімділікті ашу реформалары көзделеді.
«Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес меншік құқықтары туралы ақпарат барлық тұлғалар үшін еркін қолжетімділікте орналасқан. Аталған реформаның бес жыл бойы Қазақстанда іске асыруға ұсынылғанын атап кеткен жөн. Бүгінде біз аталған реформаны бастапқы кезеңде тек заңды тұлғалар бойынша ғана іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді Жасұлан Мәдиев.
23 қаңтар 2020 ж. 215 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области