Байқоңыр қаласында төтенше режимін бұзан 61 дерек анықталды: 16 тұлға қамауға алынды

Алайда, ескертулерге қарамастан төтенше жағдай талаптары тұрғындар тарапынан сақталар емес, жүргізілген рейдтер барысында төтенше жағдай талаптарын бұзудың 61 дерегі анықталды.
Соңғы тәулік ішінде 100-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 8 құқық бұзушылық анықталды.
Қазіргі таңда орын алған 61 факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін қалалық сотқа жолданып, 33 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралды, оның 17 айыппұл салынса, 16 әкімшілік қамаққа алынған.
«ҚР ІІМ министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес, барлық блок-бекеттерде кезекшілікте тұрған қызметкерлер індетке қарсы арнайы костюмдермен, жеке қорғану құралдарымен, медициналық бетперделермен, қолғаптар, антисептик құралдарымен толық қамтамасыз етіліп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуда», – деп хабарлады Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

