Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай: Қызылорда облысында 1 ай ішінде 124 тұлға қамауға алынған

Төтенше жағдай: Қызылорда облысында 1 ай ішінде 124 тұлға қамауға алынған

Kyzylorda-news.kz. Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланған күннен бастап Қызылорда облысында оны бұзудың 527 дерегі анықталған. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Шамшидин Әмитов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, аймақта болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, облыста қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тұрғындардың көшеге себепсіз жүруіне және көлік қозғалысына шектеулер қойылды. Осыған байланысты, облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы ерекше режимге көшірілді.
Елімізде Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап облыс бойынша оны бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы) сәйкес 527 дерегі анықталған.
«Оның ішінде, 149 дерек – көліктердің қозғалысына тыйым салу, 84 дерек – еш себепсіз тұрғын үйден тыс жерде жүру, 67 дерек – дүкендердің тыйым салынған уақытта қызмет көрсетуі, ал, 49 дерек – кафе және мейрамханалардың қаулы талаптарын орындамауы бойынша тіркелді. Сонымен қатар, компьютер клубтары, автокөлік жөндеу орындары, қонақ үйлер және тағы басқа көптеген орындар тексерілді», – деді Ш. Егенбердіұлы.
Полция полковнигі атап өткендей, осы уақытқа дейін 236 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралып, 112 тұлғаға 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде айыппұл салынса, 124-і әкімшілік қамауға алынған. Ал, 13 тұлғаға ескерту берілген.
«Қалған әкімшілік істер бойынша заң шеңберінде шешім қабылданатын болады. Әкімшілік жазаға тартылғандардың билік өкілдеріне бағынбай, дөрекілік таныту деректері де орын алуда. Мысалы, 13 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ғимаратында соттың қаралуын күтіп отырған азаматтардың бірі қызметтік міндетін атқарып тұрған полиция қызметкерінің ескертуін елемей, тіл тигізіп, балағаттаған. Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы бойынша (билік өкілін қорлау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді ол.
Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланатын болады.
Оған қоса, бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзу) 10-АЕК мөлшерінде (27 780 теңге) айыппұл салынды.
Сондай-ақ, ескерту жұмыстарының жүргізілгендігіне қарамастан халық арасында алаңдатушылық туғызып отырған коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан 11 адам анықталды.
«Олар өз әрекеттерін толық мойындап, өкініп отырғанын айтты. Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша (Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда сот шешімімен оларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
Ол бұл бағыттағы жұмыстар Төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жалғасатындығын жеткізді.
15 сәуір 2020 ж. 258 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области