Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мамыр айындағы мерекелер онлайн форматта өтеді

Қызылордада мамыр айындағы мерекелер онлайн форматта өтеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімдігінде мамыр айында тойланатын мерекелік шараларды өткізуге байланысты жұмыс тобының отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет жетекшілік жасап, алдағы мерекелердің маңыздылығына тоқталды.
Бұған дейін кең ауқымда аталып өтіп жүрген шаралар биыл онлайн форматта жүргізіледі. Бұл елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қабылданған. Сондықтан тиісті салалар бойынша нақты жоспар әзірленіп, көпшілікке мазмұнды, қызықты іс-шаралар тізбегін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясының хатшысы Ләйлә Төрешова 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Бұл бағытта онлайн форматта ұлттар достығын дәріптейтін маңызды шаралар өткізілетін болады. Біздің өңірде 11 этно мәдени орталық бар. Мерекелік шара барысында сол орталықтардың жұмысы кеңінен қамтылады.
Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Әбішев 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар барысын баяндап берді. Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты бұл атаулы күндерді де онлайн форматта өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен аудандардағы негізгі көшелерде көзі тірі соғыс ардагерлерін кеңінен насихаттау мақсатында билбордтар дайындауға мән берілуде. Орталық көшелер тақырыпқа сәйкес безендіріледі. Сонымен қатар, патриоттық әндер байқауы, қарт майдангерлер ерлігін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттауға баса көңіл бөлінген.
Отырыс барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев қарт майдангерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер жайын да айтты. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев өзі басқаратын ұйым тарапынан атқарылатын іс-шараларды әңгімелеп берді.
Облыс әкімінің орынбасары сөз түйінінде алдағы мерекелерді жоғары деңгейде атап өтуге көңіл бөлу қажеттігіне назар аударды. Тиісті салалар бойынша нақты жұмыстар жасалып, ел арасында насихаттық мүмкіндіктер барынша дұрыс ұйымдастырылуы қажет.
23 сәуір 2020 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области