Қызылордада карантин кезінде автокөлік ұрламақ болған тұрғын ұсталды

Кезекші дер кезінде байланыс құралына шығып, оқиға орнына патруль бекеттерін жібереді.
Тәртіп сақшыларының жедел әрекеттері нәтижесінде автокөліктерге ұрлыққа түсіп жатқан күдікті 25 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, қалалық Полиция басқармасына жеткізілді.
«Қазіргі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен (Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады) және 188-бабының 3-бөлігінің 3- тармағына (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық, аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.