Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова майдангер әкесі туралы естеліктерімен бөлісті (видео)

Гүлшара Әбдіқалықова майдангер әкесі туралы естеліктерімен бөлісті (видео)

Kyzylorda-news.kz. Биыл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын қарсы алады. Осыған орай, Қызылорда облысында «Жасампаз ұрпақ» акциясы басталды. Осы акцияда облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алғашқы болып өзінің майдангер әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.
«1941 жылдың жаз айы. Бұл мезгіл мектеп бітіріп, білім ұясынан енді ғана түлеп ұшқан әкем Науша Әбдіқалықов үшін ең қасіретті кезеңдердің бірі болды. Ол 1942 жылдың наурызында, соғыстың нағыз қызған шағында Қызыл әскер қатарына қосылды. Жауынгерлік жолын гвардиялық 279-шы атқыштар полкінде бастап, Смоленскіден Балтық теңізі жағасындағы Кёнигсбергке дейінгі сұрапыл соқпақты жүріп өтті. Жауға қарсы топ бастап, қаншама қала, елді мекенді азат етуге атсалысқаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болды. Әкелердің ел үшін жасаған ерлігі – біз үшін үлгі. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес!», – деді Гүлшара Наушақызы.
Аймақ басшысы Жеңістің биылғы мерейтойы онлайн форматта тойланатындығын өзінің парақшасында жазған.
«Биыл біз Жеңістің 75 жылдығын карантин жағдайында қарсы аламыз. Бірақ, бұл ең сұрапыл соғысты жеңіспен аяқтаған жауынгерлерге құрмет көрсетпеу деген мағынаны білдірмейді. Биыл «Жасампаз жасақ» шарасы виртуалды режимде өтеді. Яғни, Сыр бойынан шыққан батырлардың ерлігі кең көлемде насихатталады. Біз олардың есімін жадымызда тағы бір мәрте жаңғыртатын боламыз. Сондықтан Қызылорда облысының әкімдігі интерактивті акцияға қатысуға шақырады.
Ол үшін әке-аталарыңыздың, жақындарыңыздың фашизмді жоюға қосқан үлесін әңгімелеп немесе майданнан жіберген хаттарын оқып, бейнеролик түсіресіз. Отбасылық фото-суреттерді көрсетсеңіз де болады. Қорытынды бейнежазбаны әлеуметтік желіде төмендегі хэштегтермен жариялайсыз. (Instagram. Facebook, ВКонтакте). Біз сол бейнематериалдарды жинақтап, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтындағы «Жасампаз жасақ» бөлігіне орналастырамыз. Ұнаған роликке дауыс беруге болады. Үздік 10 туынды 9 мамыр күні «Qyzylorda» телеарнасында көрсетілетін бейнесюжетке енгізіледі. Әке-аталарыңыздың жеңіс жолдарын құрметтеп, ерліктерін насихаттауға атсалысыңыздар.
Жасампаз жасақ – ерлікке тағзым! Біз біргеміз!», – деген облыс әкімі аталған жазбасында.
24 сәуір 2020 ж. 245 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области