Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада сотталған азамат жарты миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алды

Қызылордада сотталған азамат жарты миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алды

Kyzylorda-news.kz. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Арал аудандық пробация қызметі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып осы қызметтің есебінде тұрғандарға қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетіп келеді. Соның бірден бір дәлелі – есептегі Б. деген азаматтың қаражатын алуына берілген құқықтық көмек.
Бұл азаматқа қайтарымсыз несие алуға пробация қызметі тарапынан жеке бағдарлама толтырылып, қараша айында «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтаған болатын. Осы негізде, азамат Б-ның шотына 530000 теңге түсті.
Бірақ, бұл шот жеке сот орындаушымен бұғатталып қалғандықтан, Арал аудандық пробация қызметі жеке сот орындаушы қызметіне хабарласып, шотын ашу үшін құқықтық көмек көрсетті.
Қазіргі уақытта, Б есімді азаматқа мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант негізінде 530000 теңге көлемінде сертифакат табысталды. Осы қаржыға азамат шағын кәсіп ашпақшы, нақтырақ айтқанда, мал бағумен айналысуға ниет етуде.
«Ол үшін жақын елді мекендерден шабындықтар сұрастырылып жатыр. Бұл мәселенің шешілуін қадағалауды, қызметкерлер басты назарға алды. Пробация тарапынан осындай қолдауға ие болған Б. деген азамат қоғамға бейімделіп, еңбек арқылы адамгершілік қасеттерінің шыңдала түсері анық. Материялдық жағдайы жақсарып, өмірге деген құлшынысы артады деп ойлаймыз», – деп хабарлады біздің ақпарат агенттігіне Арал аудандық пробация қызметінен.
24 сәуір 2020 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области