26 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар
1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр стансасында апат болды. ЧАЭС атомдық реакторы толығымен бүлініп, қоршаған ортаға радиоктивті заттар тарады. Радиация Украина мен Ресей, Беларусь мемлекеті мен Еуропаның бірқатар елдеріне тарады. Апат орнынан 30 шақырым қашықтық түгелдей уланды. 2003 жылы өткен ТМД саммитінде Украина президенті Леонид Кучма ТМД елдеріне 26 сәуірді Халықаралық радиациалық апаттар құрбандарын еске алу күні деп жариялау жөніндегі ұсыныс тастады. Өткен жылдар ішінде апаттың жойқын салдарын еңсеру үшін көп күш-жігер жұмсалды. Апат салдарын жоюға Қазақстаннан 30 мың адам қатысты. Қазіргі таңда олардың шамамен 6 мыңға жуығының көзі тірі.
1994 жылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті бірінші рет «Алтын алқа» белгісін табыс етті. Орден статусына ие «Алтын алқа» белгісі
1993 жылы бекітілген. Көпбалалы аналарға беріледі.
2002 жылы қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдег №853 Жарлығымен «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағы құрылды. 2009 жылы Алматыда Чернобыль атом электр станциясындағы апат қалдықтарын жойған қазақстандық жауынгерлерге арналған граниттен жасалған ескерткіш тақта орнатылды.
2010 жылы Амманда Иорданияның Сауда дамыту орталығын Астанада ашу туралы құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Орталықты ашу туралы шешім екіжақты экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету және экономикалық-сауда қатынастарын нығайту мақсатында қабылданған болатын.
2013 жылы Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Гвинея-Бисау Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері деңгейінде бірлескен Коммюникеге қол қою арқылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды 2015 жылы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.
2015 жылдың ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, мәжіліс депутаттарына жүгінді. Өтініште «әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында күрделі халықаралық күн тәртібінің алдында жалпыұлттық бастама арқылы сайлауды өткізу - уақыт талабы» екендігі айтылған 2017 жылы КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың аты Алматыда мәңгілікке қалды. Оның есімі Чайковский атындағы музыкалық колледждің Үлкен концерт залына берілді.