Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

20 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік ЖИТС (СПИД) құрбандарын еске алу күні
Мамыр айының үшінші жексенбісінде әлем халқы ғасыр дерті атанған аталмыш індеттің құрбаны болған туған-туыстарын еске алады. Бұл әлемдік қоғамдастық назарын осы ауруға және АИТВ-мен (ВИЧ) сырқаттанған жандарға аудару үшін жасалуда. Алғаш рет ЖИТС құрбандарын еске алу күні Сан-Франциско қаласында 1983 жылы аталып өтеді.

2006 жылы Сочиде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2000 жылы «Алпамыс батыр» жырының 1000 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.

2010 жылы Бейжіңде қазақстандық делегация қатысқан 20-шы мерейтойлық Жаһандық әйелдер саммиті өтті.

2016 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген толықметражды «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» атты деректі фильмі Севастопольде 14-19 мамыр аралығында өткен деректі фильмдер мен телебағдарламалардың «Бірге жеңдік» ХІІ халықаралық кинофестивалінде жүлделі болды. Туынды Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералының өмірінен сыр шертеді.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «АҚШ - Ислам әлемі» саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласына барды. Саммитке мәртебелі мейман ретінде шақырылған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жиын барысында бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, шағын келіссөздер жүргізді.
20 мамыр 2019 ж. 424 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области