Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 26 жастағы әйел жақын танысының атынан бірнеше мәрте несие алған

Қызылордада 26 жастағы әйел жақын танысының атынан бірнеше мәрте несие алған

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жақын танысының сеніміне кіріп, оның төлқұжат нөмірі мен банк картасын пайдалану арқылы алаяқтық жасаған 26 жастағы азаматша сот алдына келді.
Ол жақын танысының үйіне келеді. Сол үйде танысының төлқұжат деректерін жасырын түрде ұялы телефон суретіне түсіріп алады. Бұдан кейін ол күйеуі қызына ақша аударатынын айтып, банк картасын сұрап алады. Алған құжаттары арқылы түрлі микрокредит ұйымдарынан несие алып, танысына қомақты көлемде шығын келтіреді.
Бүгінгі таңда оның үстінен ҚР Қылмыстық кодекінің 190 бабының 4 бөлімімен қылмыстық іс тергеліп бітті. Қазір сотта қаралуда.
«Қазір интернет арқылы алаяқтық жасау көбейіп барады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында оған қатысты 162 қылмыстық оқиға орын алған. Сондықтан азаматтардан сақ болуын сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
27 сәуір 2020 ж. 170 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области