Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДИАБЕТПЕН АУЫРАТЫНДАРҒА ТЕСТ-ЖОЛАҚТАРДЫ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ ЖЕТКІЗЕТІН БОЛДЫ

ДИАБЕТПЕН АУЫРАТЫНДАРҒА ТЕСТ-ЖОЛАҚТАРДЫ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ ЖЕТКІЗЕТІН БОЛДЫ


    2018 жылдың алғашқы үш айында 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін отандық өндірушіден 650 млн. теңгеге қандағы қант деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін 300 мыңнан артық тест-жолақтары, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын пациеттерге глюкометрлар сатып алынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
    Бірыңғай дистрибьютордың тендер қорытындысы бойынша жылдың қалған айларына  1,1 млрд. теңгеден  астам қаржыға тағы 570 мың тест-жолақтар сатып алынады.
    Қазіргі кезде тест-жолақтары және глюкометрларды шығаруды және жеткізуді отандық өндіруші «Аксель и А» жүзеге асырады.
    2015 жылы 7 жыл мерзімге жасалған  ұзақ мерзімді шарт шеңберінде мемлекет бұл өндірушіден глюкометрлар мен тест-жолақтарын сатып алады, сондай-ақ отандық жеткізуші сатып алу рәсіміне қатыса отырып,  Бірыңғай дистрибьютордың тендерлерінің нәтижесінде абсолютті артықшылықтарға ие болады.
    Айтпақшы, 2017 жылы қазақстандықтар отандық өндірушінің тест-жолақтары және глюкометрларымен 1,16 млрд. теңгеге қамтамасыз етілді.  

25 қаңтар 2018 ж. 643 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области