Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ішкі істер министрі қызылордалық 3 полиция қызметкерін марапаттады

Ішкі істер министрі қызылордалық 3 полиция қызметкерін марапаттады

Kyzylorda-news.kz. 29 сәуірде Ішкі істер министрлігінде бейнебайланыс режимінде төтенше жағдай кезінде көзге түскен ІІО-ның 47 қызметкері мен әскери қызметшілерін ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Министрдің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медальдарымен Қызылорда облысы Полиция департаментінің 3 қызметкері марапатталды.
Олар – Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері, полиция капитандары Әлімжан Әлімбетов, Бейбарыс Қалымбетов және Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспекторы, полиция лейтенанты Нұрлан Қарлыбаев.
1 сәуір күніҚызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызмет атқару барысында облыс орталығындағы үйлердің бірінен терезеден балалардың беттерін тұмшалап алып, далаға қарап тұрғандарын байқап қалады.
Жедел уәкілдер, полиция капитаны Әлімжан Әлімбетов мен полиция аға лейтенанты Бейбарыс Қалымбетов ойланбастан дереу үйге қарай ұмтылып, темір қасықпен тіреп кеткен есікті ашады. Сосын ішіне кіріп, үйдің іші түтінге оранып, жерде жатқан көрпе-төсек, кілемдер өртеніп жатқанын көріп, 4 баланы сыртқа алып шығады. Балаларды көрші үйдің иесіне тапсырып, өздері өртті сөндіреді.
Ал, екінші оқиға 19 сәуір күні орын алған. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспекторы, полиция лейтенанты Нұрлан Қарлыбаев және ҚР ІІМ-нің №5547 Ұлттық ұлан сарбаздары қатардағы Кирилл Лосицкий мен Дәулет Нияз қызмет атқару барысында Тәуелсіздік даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдің 2 қабатындағы балконнан қалың түтінді байқайды. Олар шұғыл қызметке хабарлап, дереу пәтерге кіріп, тұрғындарды балаларымен бірге қауіпсіз жерге шығарады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндіреді. Полиция қызметкерлері мен сарбаздардың жедел шешім қабылдауының арқасында өрт салдарынан зардап шеккендер болған жоқ.
«Мемлекет басшысы ІІМ қызметкерлерінің төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қосқан үлесін жоғары бағалады. Оның тапсырмасы бойынша карантиндік іс-шараларға атсалысқан барлық қызметкерлер мен әскери қызметшілерге лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақы берілді. Бүгінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін дәрігерлермен бірге полицейлер бір сапта жүр. Өз уақытымен санаспай, отбасынан алыс болса да, Отан алдындағы борышын, ел алдындағы міндетін адал атқаруда. Күндіз-түні қызмет жасап, қарапайым азаматтарға кез-келген жағдайда, қол ұшын созып, көмек көрсетуде. Өздерінің қызметтік және азаматтық борышын адал орындаған барлық қызметкерлер алғыс пен марапаттауға лайық», – деп атап өтті Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев.
30 сәуір 2020 ж. 292 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области