Қызылордада «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 465 тұлға тексерілді
Жүргізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын 465 тұлға тексерілді. Атап айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босаған 90 тұлға, формальді қадағалаудағы 30 , бұрын сотты болған 104 , қорғау нұсқамасы шығарылған 95, мінез-құлқына ерекше талап белгіленген 51, «маскүнем» ауруына шалдыққан 59 тұрғынға, «нашақор» ауруына шалдыққан 15 және 21 қолайсыз отбасы мекен-жайларынан тексеріліп, олармен профилактикалық мәні бар әңгімесулер жүргізілді.
Учаскелік полиция инспекторларымен іс-шара барысында 7 тұлға қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынса, 3 тұлғаның мінез-құлқына ерекше талап белгіленді.
«Іс-шара жоспарына сәйкес барлығы 18 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (отбасы тұрмыстық жағдайда сыйламаушылық әрекеттерін жасағаны үшін) 5 дерегі, 461-бабымен (қорғау нұсқамасын бұзу) 3 дерек анықталып, құқық бұзушылардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, іс-шара кезінде құқық бұзушылық жасауға бейім 50 азаматпен қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізілді», – деп хабарлайды Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі