Алдағы күндері елімізде күн суытады
Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.Антициклон Қазақстанның басым бөлігінде қысқа мерзімге күннің суытуына ықпал етеді.
«Республиканың оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен, екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Түнгі сағаттарда солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында термометрдің сынап бағаналары 0℃-тан төмен түседі. Алайда кезеңнің соңына қарай оңтүстік тропосфералық ағындармен республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі», – делінген хабарламада.

























