Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БҰРШАҚ, ЖЕЛ, ҚАТТЫ ЫСТЫҚ - ЖҰМАҒА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

БҰРШАҚ, ЖЕЛ, ҚАТТЫ ЫСТЫҚ - ЖҰМАҒА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ


«Қазгидромет» РМК 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін, тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, солтүстікте және орталықта түнде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, Қостанай облысында кей жерлерде тұман болады.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде желдің күші 15м/с, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады
13 шілде 2018 ж. 596 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области