Қызылордадағы өңірлік тұрақтандыру қорында азық-түлік қоры жеткілікті

Республикада енгізілген төтенше жағдайға сәйкес, облыс тұрғындарын кемінде 3 ай мерзімге азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен бөлінген 881,8 млн. теңгеге 3,8 мың тоннаға өнім алынған.
Оның ішінде, 2075,1 тонна І сортты ұн, 200 тонна күріш, 268 тонна қант, 100 тонна рожки, 500 тонна картоп, 200 тонна сәбіз, 35 тонна қырыққабат, 153 тонна өсімдік майы, 68 тонна қарақұмық жармасы, 50 тонна сиыр еті, 50 тонна тауық еті, 47 тонна сүт, 12 тонна айран, 0,3 тонна ірімшік, 1 тонна сары май, 4 тонна ас тұз, 2000 мың дана тауық жұмыртқасы бар.
Аталған өнімдер халыққа әлеуметтік дүкендер желісі арқылы және «Мирас», «Ажар» сауда үйлерінде нарықтан төмен бағада сатылуда.
Айта кету керек өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерін аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласы тұрғындарына сату шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Сондай-ақ, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан жеткізілетін көкөністерді аптасына бір мәрте облысқа кіргізу мәселесі де жолға қойылған.