Қызылордада ассенизаторлық автокөліктердің құқық бұзушылығы азаймай отыр

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты Қызылорда қалалық сотына талап арыздар жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар қала әкімінің қатаң бақылауында.
Жалпы бүгінгі күнге дейін 46 ассенизаторлық автокөліктер иелерінің құқық бұзушылық деректері анықталып, 27 құқық бұзушылық деректері бойынша Кәсіпорынға келтірілген 1 559,0 мың теңге материалдық шығынды өндіру мақсатында, Қызылорда қалалық сотына талап арыз жолданып, осы талап арыз негізінде құқық бұзушылық жасаған ассенизатор автокөлік иелерінің үстінен азаматтық іс қозғалған.
Қазіргі таңда, 15 іс бойынша қалалық сотқа жолданған талап арыз бойынша Кәсіпорын пайдасына 562,0 мың теңге өндіруге шешім шығарылды. Қалған 12 іс бойынша сот процесі жалғасуда.
Айта кетейік, қала тұрғындарының назарына алдағы уақытта орталықтандырылған кәріз су жүйесіне қосылмаған (септигі бар) жеке тұрғын үйлердегі кәріз су жиналатын құдық суын тартуға (септик) ассенизатор автокөліктерін шақырту ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК арқылы жүргізілетінін хабарлаймыз.
Ассенизатор автокөліктерін шақырту тапсырысы:
70-03-99
87711380654
87711380655
байланыс телефондары арқылы қабылданады.
Жұмыс уақыты күнделікті:
08:00-ден 18:00-ге дейін.